Біздің мақтанышымыз, үмітіміз және болашағымыз!

Абай атындағы мектеп-лицей қабырғасында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылды. Бұл ерекше күні халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда, олимпиадаларда, спорттық жарыстар мен шығармашылық жобаларда лицей намысын абыроймен қорғаған 36 талантты, алғыр әрі еңбекқор оқушы марапатталды. 🏆🌟

Толығырақ...

Отбасы күні

Отбасы күні қарсаңында Абай атындағы мектеп-лицейдің жайлы залында ата-аналар, оқушылар мен ұстаздар бас қосып, 2025–2026 оқу жылының қорытындысын шығарып, үздіктердің есімдерін атауымыздың өзіндік символдық мәні бар! ✨
Бұл оқу жылы жарқын жеңістерге, биік жетістіктерге, жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктерге толы болды. Салтанатты форум барысында жыл бойы интеллектуалдық байқауларда, олимпиадаларда, спорттық жарыстар мен шығармашылық жобаларда лицей намысын абыроймен қорғаған 36 оқушы марапатталды. 🌟

Толығырақ...

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішке талдау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге дайындық туралы хабарлайды.
Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың II жартыжылдығы – 2026 жылдың I жартыжылдығы.

«Ұлттық киімі – ұлт рухы»

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 5 «Б» сынып оқушылары ата-аналарымен және сынып жетекшісі Д.Г. Черняковамен бірге «Ұлттық киім – ұлт рухы» атты мәдени-танымдық мерекеге белсене қатысты.

Толығырақ...