«Заманауи мұғалім - жас мектепке»

2026 жылдың 16 наурызында Қостанай қаласында «Заманауи мұғалім - жас мектепке» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисембаева София Кадырхановна қатысты. Жас ұстаз аудан мен мектепті абыроймен таныстырды! Оған жұмысына табыс пен кәсіби дамуының жалғасын тілейміз!

«Қауіпсіз маршрут»

«Қауіпсіз маршрут» — қауіпсіздік пен жауапкершілікке саяхат
«Адал азамат» Біртұтас бағдарламасы аясында, «Заң және тәртіп» идеясын насихаттау және жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында аудандық квест «Қауіпсіз маршрут» ұйымдастырылды.

Толығырақ...

27 қаңтар — Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні

27 қаңтар — Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні
Бұл күн — тарихтың ауыр сабағы.
Бұл күн — үнсіз қалған ар-ожданның дауысы.
Абай атындағы мектеп-лицейінде «Адал Ұрпақ» клубының белсенділері ұйымдастырған
«Естелік реквиемі» атты онлайн іс-шара өтті.

Толығырақ...

Қ. Успановты еске алу баскетболынан Қазақстан Республикасының XX ашық Кубогы

Жітіқаралық спортшылар Қазбеков Әмір мен Лопатин Максим Қ. Успановты еске алуға арналған баскетболдан Қазақстан Республикасының ХХ Ашық кубогында өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Қостанай облысының құрамасы сапында өнер көрсеткен жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін танытып, жүлделі III орынды иеленді.

Толығырақ...