Бос жұмыс орындары

Қостанай облысы білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі» КММ бос лауазымға орналасуға құжаттарды қағаз нұсқада қабылдауды жариялайды: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері (1 ставка), математика мұғалімдері (1 ставка), жаратылыстану мұғалімдері (1 ставка), ағылшын тілі мұғалімдері (1 ставка), педагог-кәсіптік бағдарлаушы (1 ставка), аға вожатый (1 ставка) және уақытша бос тарих мұғалімі (1 ставка), физика мұғалімі (1 ставка).
Байқау 2025 жылдың 20 тамызында өтеді.
 
Құрметті ұстаздар!!!
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап ҰБББ базасында «Мұғалімдерді жалдау» модулі жұмыс істейді.Модуль конкурстық процесті толықтай автоматтандырады, бос жұмыс орындарына өтінімдерді іздеу мен беруді айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Әрбір мұғалім модульге тіркеліп, бос орындарды көріп, өз өтінімдерін бере алады. Модуль мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://hr-nobd.edu.kz
Сондай-ақ мұғалімдерге арналған нұсқауларды оқуға болады