Құрметті ата-аналар мен 9-сынып түлектері!

2026 жылдың 1 тамызынан бастап 10-сыныпқа қабылдау үшін қағаз форматта құжаттарды қабылдау басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Қабылдау туралы өтініш (сол жерде толтырылады)

Негізгі орта білім туралы Аттестат (түпнұсқа)

Жеке куәліктің (немесе болмаған жағдайда туу туралы куәліктің)көшірмесі

Өлшемі 3х4 см болатын екі фотосурет

Медициналық анықтама (№075/у нысан)

Профилактикалық егу картасы (№065/у нысаны)

Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны)

Медициналық тексеруден өткені туралы қорытынды/анықтама

Қабылдау кестесі: жұмыс күндері 09:00 - ден 18: 00-ге дейін (үзіліс:13:00-14: 30).

Барлық сұрақтар бойынша мектептің қабылдау бөлмесіне немесе әкімшілікке хабарласыңыз.