Ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Айтмағамбетова Д.А. AMANAT партиясының Әйелдер қанаты мен Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің бастамасымен ұйымдастырылған «МұғалімTalks» кейс-платформасына қатысты.
📚 28 қазан күні өткен облыстық патриоттық жоба «Таңшолпан» аясында ол білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
👏 Айтмағамбетова Д.А.-ны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіз!
#AMANAT #MugalimTalks #Таңшолпан #ҚазақстанБілімі #ПедагогЖылы #АйтмағамбетоваДА #МектепМақтанышы #Кәсібилік #AMANATӘйелдерҚанаты

2025 жылғы 19-21 тамыз аралығында Абай атындағы мектеп-лицейі лицей сыныптарына түсу үшін тестілеу өткізеді. Тестілеу жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жүргізіледі. Тестілеу сағат 10:00-де басталады. 5-6-7 сыныптарына тестілеу уақыты - 90 минут (жаратылыстану, математика), 8-10 сыныптарына тестілеу уақыты - 180 минут (алгебра, физика, химия,биология, география). Әдістемелік кабинетіне хабарласыңыздар.
Телефон нөмірі: 3-15-34.