Прокурорлар майдан шебінде

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүз­деген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шай­қаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда про­куратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тыл­дағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.

Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес Одағының батырлары бар. Атап айтсақ, олар – Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров және халқымыздың мақтанышы, қолбасшы Бауыржан Момышұлы.

Толығырақ...

🔹SMART BALA жобасы және “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, 11 сәуірде Абай атындағы мектеп-лицейінде 5-10 сынып оқушылары арасында "Startup" байқауы өтті

"Startup" - бұл инновациялық жобалар байқауы.
Байқауға 7 команда қатысты.

💡Балалар шығармашылық және ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды дамыта отырып, инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұсынды.

🏆Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
🥇10 "А" сыныбы - "Ізгіліктер" командасы
🥈 5 “Б" сыныбы - "Ұмтылыс” командасы
🥉 5 “Д" сыныбы - "Таза жер" командасы.

👏🏻Сондай-ақ 5 "А", 6 "Б", 7 "Г", 7 "Е" сыныптарының командаларының белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз! Сіздің идеяларыңыз-бұл мектеп пен қоғамның болашағына қосқан үлесіңіз!
🎯Байқауды информатика пәнінің мұғалімдері өткізді: Д.А.Айтмагомбетова, Б.Б.Басанова және Р.Р.Боканова.
#SMARTBALA #инновации #детскийстартап #Startup

Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы

2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.

Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.

Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.

Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.

Толығырақ...

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Осы жылдың 17 наурызы полиция майоры Г.Досқалиева «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейі» 5-сынып оқушыларымен құқықтық пікірталас өткізілді, онда «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы ұсынылды.
Жалпы қамту 25 оқушылар болды.