Сенімнің күші – қамқорлықта. Бір мектептегі өзгеру тарихы



Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.

Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.

Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен.

Бүгінгі таңда клуб мүшелері өз мектебінің көшбасшыларына айналды. Ал «Күш - бірлікте» бастамасы алдымен аудан деңгейінде, кейін бүкіл өңірде таратылуға дайындалып жатыр. Бұл тәжірибе шынымен шабыттандырады.

Менің сенімім: ертеңгі қуатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен оларға қажеттілігін сезіндіру керек. Қорқытып емес, қолдау арқылы. Бұйырып емес, көңіл бөлу арқылы.

Осы жобаның жетістігі ескеріліп, мен оны басқа өңірлерде де жүзеге асыруды тапсырдым. Ол жақта да прокурорлар нақты мектептерге қамқорлық жасап, әр баланың бойындағы әлеуетті оятуға атсалысады. Заң өкілі ретінде біз лайықты ұрпақ қалыптастыру – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан осы жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнымызға алуға дайынбыз. Себебі жастарды қолдау – тұтас елдің болашағына жасалған ең ұтымды инвестиция.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйенсек: «Жастар – жарқын болашаққа деген барлық үмітіміздің бейнесі».

Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады.

«Заң мен Тәртіп»

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Б. Асылов