Жітіқаралық спортшылар Қазбеков Әмір мен Лопатин Максим Қ. Успановты еске алуға арналған баскетболдан Қазақстан Республикасының ХХ Ашық кубогында өңіріміздің намысын абыроймен қорғады

Жітіқаралық спортшылар Қазбеков Әмір мен Лопатин Максим Қ. Успановты еске алуға арналған баскетболдан Қазақстан Республикасының ХХ Ашық кубогында өңіріміздің намысын абыроймен қорғады. Қостанай облысының құрамасы сапында өнер көрсеткен жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін танытып, жүлделі III орынды иеленді.

Әмір мен Максим Жітіқара қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық дайындықтан өтеді және Белова В.Е. мен Қабылов Е.С. жетекшілігімен жаттығады.

Аталған турнир – халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық жарыстардың бірі. Көрсетілген нәтиже жүйелі жұмыстың, табанды жаттығулардың және жас спортшылардың мақсаткерлігінің айқын дәлелі болып табылады. Жітіқаралық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда өздерін сенімді түрде танытып, туған қаланың абыройын асырып, өңірде баскетболдың дамуына өз үлестерін қосуда.

Спортшыларға алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жеңістер мен жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!

Заң мен тәртіп — әр азаматтың жауапкершілігі!

«Фемида» клубының белсенділері, «Адал Ұрпақ» тобы және жасқырандықтар бірігіп, Жітіқара ауданы прокуратурасы жариялаған «Заң және тәртіп» құндылығын насихаттауға арналған аудандық видеороликтер мен шығармашылық жұмыстар конкурсында І орынға ие болды!
Бұл жеңіс — бірлік пен еңбектің жемісі. Жарайсыңдар, жас лидерлер! 💪✨

 

 

Кирилюк Светлана Фёдоровнаны «Креативті бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде І орын алған жеңісімен құттықтаймыз!

Кирилюк Светлана Фёдоровнаны «Креативті бастауыш сынып мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінде І орын алған жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде де үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі

«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңіне Басанова Балсара Балтаевна мен Бычковская Татьяна Наильевнаны шығармашылық шешімдері мен батыл жаңалықтары кәсіби шеберліктің жарқын үлгісіне айналғаны үшін құттықтаймыз!

Али біздің жас жұлдызымы

Али біздің жас жұлдызымыз — 5 сынып оқушысы Пластовец Ксенияны Лисаков қаласында н.С. Помогайконы еске алуға арналған үстел теннисінен ашық облыстық турнирде 16 жасқа дейінгі 3 орынмен құттықтаймыз.! 🏓
Бұл жетістік-табандылықтың, ерік-жігердің және жарқын спорттық рухтың нәтижесі! 🌟
Біз чемпионымызды мақтан тұтамыз және жаттықтырушы Франюк В. Г. - ға өз оқушыларының кәсібилігі, шабыты мен сенімі үшін Алғыс білдіреміз! 👏
Бұл жетістік жаңа жеңістер мен үлкен спорттық биіктерге алғашқы қадам болсын! 🏆